Қаладағы №32 «Қызғалдақ» санаториялық балабақшасында ересек кішкентай зерттеушілер, Ботақан тобында «Желілі-рольді ойын: мамандыктар» атты ұйымдастырылған іс әрекет ойыны өтті.
Мақсаты − бүлдіршіндерді әртүрлі мамандықтармен және кәсіптің маңызымен таныстыру. Мамандықтарға қызығушылығын арттыру олардың еңбегі туралы айтып, шығармашылығын дүниетанымын жан-жақты дамыту. Ойыншықтармен ойнау кезінде балалар мамандық туралы өз ойларын айтты.
Мамандық туралы білімін арттырып, қызметін үйренді.
− Мамандық дегеніміз − адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі. Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктердің болуы, − деді тәрбиеші Қымбат Копирбаева.
Осылайша балалар ойын ойнап қана қоймай, мамандық иелерінің еңбегі мен қызметтері туралы түсінді. Оның адам өміріндегі қажеттігін ұғынды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!