Қазақстан Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Талғат Қалиев ТАСС-қа берген сұхбатында тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі басты жетістігі – шекараларының халықаралық деңгейде мойындалуы мен Нұр-Сұлтанның көршілерімен аумақтық дау-дамайда болмауы деді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның көп нәрсеге қол жеткізгеніне сенімді. Ол елдің басты жетістігі ретінде –  қоғамдағы бейбітшілік пен ауызбіршілікті сақтау, экономикалық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржылық дағдарыстардан аман қалуды атады. Алайда саясаттанушы Қазақстанның негізгі еңбегін оның шекараларының бір мағыналылығымен байланыстырды.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығынан кейін де егемен Қазақстанның аумағы бүкіл периметрі бойынша белгіленгенгені және шекараны делимитациялау туралы халықаралық шарттарда танылғаны басты жетістік», — деп атап өтті Қалиев.

Қалиевтің айтуынша, Қазақстан халықаралық істерде жақсы беделге ие бола білді. Нұр-Сұлтан әрқашан халықаралық құқықты жақтай отырып, басқа елдермен сенімді және дәйекті серіктес бола білді. 

Қазақстан Кеңес Одағының бұрынғы республикаларының ішінде соңғы болып тәуелсіздігін жариялады. Мемлекеттің Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда Конституциялық заң қабылдады. Онда «қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығы расталып», бұдан былай Қазақстан өз аумағында биліктің барлық құқына ие екенін жариялады. Аумақ қайта қаралмастан және өзгертілместен Қазақ КСР шекараларымен сәйкес келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!