Танымал әнші Димаш Құдайбергенов қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл тоуына орай челлендж бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/kudaibergenov.dimash

“Ассалаумағалейкүм, құрметті достар, отандастар! Хакім Абай атамыздың мерейтойының қарсаңында әдемі челлендж бастағалы отырмын. Дәл мен сияқты жүректеріңіз қалаған Абай атамыздың кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, бейнетаспаға түсіріп, желіге жүктеп, таратсаңыздар челленджіміздің басталғаны деп білемін”, – дейді өнер иесі.

Димаш Құдайберген ұлы ақынның “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін жатқа оқыды.

“Құрметті достар, бұл челленджді әлемдегі барлық Dears-қа және өнердегі әріптестеріме жолдағым келеді. Тек амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Сау болыңыздар”, – деп сөзін аяқтады Димаш Құдайберген.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевты ұлықтап, ұмытпауға шақырған Димаш Құдайберген көпшіліктің қолдауына ие болды.

“Сегіз қырлы, бір сырлы ғой біздің Димаштай”, “Жақсы челлендж”, “Ниетіңе нұр жаусын”, “Жарайсыз, қатысамын”, “Керемет челлендж”, “Бастамаңыз тамаша”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!