Димаш өзінің алғашқы онлайн концертін американдық Tixr.com. платформасында өткізеді. Билет сатылымынан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады, деп хабарлайды «Сыр бойы» Dimashnews ресурсына сілтеме жасап.
Бұл – пандемия басталғалы әншінің алғашқы жаһандық қойылымы болмақ. Концерт – әншінің перформанс шеңберіндегі жаңартылған бағдарламаның жаңа диджитал-форматтағы тұсаукесері. Шоуда заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар интеграцияланатын болады. Бұл көрерменге әртістің жанды қойылымының атмосферасына барынша енуге мүмкіндік береді. Димаш Құдайбергеннің онлайн концертін ұйымдастыру үшін 140 адамнан тұратын интернационал команда еңбек етіп жатыр. Концерт барысында Димаш бірнеше тілде ән айтады.
«Димаш шығармашылығының жанкүйерлері үшін қызықты нәрсе жасауға тырыстық. Бірнеше ай бойы есте қаларлық және ерекше дүние жасау үшін үздіксіз еңбек еттік. Бұл концерт барлық көрерменге қуаныш сыйлап, соңғы уақытта барлығымызға қатты әсер еткен жағдайдан арылуға көмектессе деген тілегіміз бар», – деп бөлісті «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі, жобаның продюсері Қанат Айтбаев.
Концерт жөнінде Димаш былай дейді: «Ең алдымен осы концертті ұйымдастырумен айналысатын бүкіл командаға, сондай-ақ өз шығармашылығының жанкүйерлеріне үлкен қолдауы үшін алғысымды жеткізгім келеді. Мен қайтадан сахнаға шығып, көрерменмен кездесуді асыға күтемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін».
Концерт әлемдік www.tixr.com платформасында өтеді. 2013 жылдан бастап TIXR кез келген ауқымдағы іс-шараны жоспарлауды, қайда не болатыны және билет индустриясын дамытудың жаһандық орталықтарының бірі саналады. Tixr компаниясы онлайн концерттер әлеміне қашықтықтан билет сату мақсатында құрылды.
Tixr платформасы әлемдегі жетекші клубтардың, фестивальдер, конференция және басқа да көптеген ұйымдардың серіктесі. Компанияның қуатты функциялары, цифрлық жүйені тиімді пайдалану әдісі, кешенді шешімдері ең мықты бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның өзі Санта-Мониканың жүрегі Калифорнияда орналасқан. Осы платформаны 4 дүркін Грэмми Дрейк иегері, музыкант, актер және продюсер, бірнеше платина сыйлығын алған орындаушы Снуп Догг, аты аңызға айналған KISS рок-тобы және басқалар пайдаланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!