Барлық қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз.
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Stranger әлемдік турне-концертінің билеттерінен түскен қаржының бір бөлігін Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақ халқына бауырлас, ағайын саналатын Түркияда, сондай-ақ Сирияда табиғат залалынан көз жұмғандар саны бірнеше мыңнан асып кетті деген хабарды зор күйзеліспен қабылдаймыз. Барлық қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуді тілейміз», – деді әнші желідегі парақшасында.
Ол зілзаладан зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді.
«Осы тұста әлем бойынша ұйымдастырылып жатқан Stranger жеке кештерімнен түскен қаражаттың бір бөлігін зардап шеккен отбасыларға аударатынымды айтқым келеді. Командама тапсырма бердім. Толық ақпаратты DimashNews сайтынан бақылап отырсаңыздар болады. Әр отбасына амандық тілеймін! Әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын! Елімізде, әлемде тыныштық, бейбіт заман болсын. Әлемдегі барлық халық бақытты болсын!» – деді Димаш Құдайберген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!