Фото: Е. Әміреновтің жеке мұрағатынан

KAZINFORM – Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның кезекті баспасөз мәслихатында ұлттық өнімдерді патенттеудің тәртібін түсіндірді. 

«Көптеген әріптесіміз осы жерде шатастырып жатады. Мысалы, «домбыра түбегейлі қазақтікі», «киіз үй түбегейлі қазақтікі» деген сияқты патент неге алмаймыз деп жатады. Бұл – сөзбұйдаға салынатын мәселе», – деді ол.

Ресми өкілі дәл қазақтікіндей киіз үй, музыкалық аспаптар өзге де елдерде болуы мүмкін екенін айтады.

«Сол себепті біз бір бұйымды не болмаса ұлттық өнімді, мысалы ірімшікті басыбайлы біздікі деп патенттей алмаймыз. Себебі ол өзге де елдерде бар дүние. Ал, оның жасалу технологиясында қандай да бір жаңашылдықтар болса, оны, әрине, өзіміздікі қазақстандық өнертапқыштардың еншісіне патенттеп бере аламыз», – деді Талғат Уәли.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!