Фото: khabar.kz

Қазақстанда Абай Құнанбаев шығармашылығына арналған 500-ден астам шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

10 тамызда елімізде Абай күні аталып өтеді. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай республикалық деңгейде оның шығармашылығына арналған жүздеген іс-шара өтеді, деп мәлімдеді Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Облыс орталықтарында мереке Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Сондай-ақ OpenAir форматында Абай шығармаларын оқу, әдеби кештер мен караоке іс-шаралары ұйымдастырылады, – деп қосты ведомство.

Мереке аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…», «Кел жастар біз бір түрлі жол табалық», «Шәкірдің Абайға арналған естеліктері мен өлеңдері» іс-шаралары, «Абайды оқы, таңырқа…» атты жыр мүшәйрасы, «Түркістан тарихы» мұражайында «Абай әлемі» көрмесі өтеді. Жастар саясаты желісі бойынша ұлттық жастар онкүндігі аясында челлендждер және Абай шығармаларын оқу жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!