Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанда аталып өтеді. 1991 жылы КСРО ыдырап, одақтың құрамындағы елдер өз алдына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстаның жоғары Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990жылы 25 қазанда қабылданған Қазақсанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Тәуелсіздік – кез келген адамның, елдің, ұлттың, халықтың еркіндігі. Тәуелсіздік әрбір адамның тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаны. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың өз тілі, ділі, діні, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған, онымен қоса ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан. Тәуелсіздік дегеніміз – киелі ұғым. Неге киелі ұғым? Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, күрестер, аштық, жау тылында қалған халықтың әрбір көз жасы мен қанына қарап тәуелсіздіктің керемет, киелі ұғым екенін түсінесіз. Біз бейбіт елдің ұрпағымыз, біз тәуелсіз, еркін елдің ұландарымыз. Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу бар. Үш түрлі кезеңнің әралуан үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы келешекті жасаушы ұрпақпыз. Олай болса қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу мойнымыздағы парыз. Осы тәуелсіздігімізді мәңгі сақтап қалу үшін, елімізді көркейту үшін не істей аламын деген сұрақ әр адамның көкейінде тұратын болар, сірә. Мен бұл сұрақты өзіме қойып көрдім. Қазір біздің қолымыздан келері жан-жақты білім алып, білімді нақты әрекет жасай алатын азамат, азаматша болып өсу ғана. Ал болашаққа деген мақсатымызға яғни, елімізді көркейтуге деген мақсатымызға келер болсақ, менің болашаққа деген мақсаттарым өте көп. Оларды атай өтейін. Біз елімізді көркейтіп, жандандыру үшін ең алдымен халықтың жағдайын ойлап, халықпен санаса білуіміз қажет. Оған қоса халыққа жақсы жағдай болу үшін халықтағы нарықты, яғни бағаны тұрақты әрі тиімді етуіміз қажет жәнеде жұмыс көздерін ашу керек. Осы іс орындалса халықтың әлдеқайда жағдайы жақсарады. Елімізді жандандыру үшін біз жерімізді құнартып, көп мөлшерде табиғат өсімдіктерін егуіміз қажет. Мінекей, осындай іс-әрекеттер орындалса еліміз көркейіп, 50 елдің қатарына кіреді деп ойлаймын. Бұл менің арманым, алдағы уақытта орындауға тұрарлық мақсатым. Армандар орындалады, Егерде мақсат айқын болса, армандар орындалады. «Тәуелсіздік – тұмарым, тәуелсіздік – жыр әнім» деп, ақын жырлағандай, Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін ғана емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке деп білемін.
Есіркеп Кәусар
Жаңақорған ауданы,
Бесарық бекеті
№247 орта мектебі, 7 «б» сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!