Елордада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік туды көтеру рәсімінің видеосы ҚР Президенті Телерадиокешенінің Instagram-парақшасында жарияланды.

Салтанатты рәсімде сапқа тізілген әскери қызметшілер Әнұранды орындады. Айта кетсек, қазақстандықтар бүгін ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнін атап өтуде.

Бір облыста автокөліктердің шеруі ұйымдастырылса, басқа өңірлерде отандастарымыз Туды балконға іліп, жаңа челлендж бастады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!