Геннадий Шиповский 1989 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданының Сексеуіл кентінде туған. Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, Тұран университетінің магистратурасын бітірген.
Облыстық және қалалық қоғамдық шараларға белсене қатысқан ол «Қазақстан темір жолы» АҚ «Evolution» атты «Көңілді тапқыштар клубының» мүшесі. 2016 жылғы 24 наурыздан 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі. 2021 жылғы 15 қантардан бастап жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі болды.
Геннадий Шиповских мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!