Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын, – деп жырлаған Мұқағали Мақатаев тірі болғанда 93 жасқа келер еді.
Бүгін қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақыны, барша қазақ үшін мәртебесі биік ақиық ақынның туған күніне орай, театр жастарының қатысуымен «Ғашық Мұқағали» атты еске алуға арналған поэтикалық-музыкалық кеш болды.
Кеш барысында театрдың жас артистері ақынның өлеңдерін оқып, жанды дауыста әндерін шырқап, көрініс қойды. Көрерменмен байланыс жасау мақсатында келген қонақтар Мұқағалидің өлеңдерін оқып, поэзия кешін одан әрі жандандыра түсті.
Жас артистеріміз көрерменнің ерекше алғысына бөленді.
Кеш соңында театр басшысы Мұхтар Мәуленұлы, Т. Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Сәпен Аңсатов және журналист Нұрлан Көбегенұлы пікір білдіріп, жас өнер иелеріне алғыстарын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!