Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қызылорда облысы «Таң ЛТД»ЖШС директоры Имамзада Шағыртаевқа тапысырылды.
Айта кетейік, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетовке, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы «№7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі А.Шүкежановаға берілді.
Еске салсақ, 2013 жылы белгілі қызылордалық кәсіпкер, «Абзал и К» толық серіктестігінің директоры Абзал Ералиев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!