Тоқты

Көптен бері ойлап жүрген жұмысыңыз іске асады. Ол үшін күш салмайсыз, оқиғаны сырттай бақылап отырасыз. Ашықтығыңызды, шыншылдығыңызды бағалайтын жандар бар. Олар сізді барлық жағынан да қолдайды.

Торпақ

Апта сәтті болмақ. Бұл апта пайдалы іспен айналысуға да, жай демалуға да қолайлы уақыт. Өзіңізге ұнайтын қызықты іспен айналысасыз. Апта аяғында көңіл көтеретін кештің қонағы боласыз.

Егіз

Айналаңызда болып жатқан жағдайларға қарамастан, сабыр сақтап отырасыз. Бұл шешіміңіз дұрыс болмақ. Соның арқасында кикілжіңдерден бойды аулақ ұстайсыз, сондай-ақ арандатуға жол бермейсіз.

Шаян

Аптада атқарар шаруа көп. Ең алдымен қайсысынан бастау қажет екенін реттеп алыңыз. Ойға түрлі жоспар келеді. Бірақ идеяларды дәл қазір жүзеге асырудың қажеті жоқ. Себебі олар әзірге табыс әкелмейді.

Арыстан

Аптаны пайдалы іспен айналысуға жұмсаңыз. Әсіресе қиын шаруаларды қолға алған жөн. Жаңашылдыққа тез үйренесіз. Сонымен қатар көп ақпараттың ішінен өзіңізге қажеттісін ала аласыз.

Бикеш

Қызықты апта. Ішкі түйсігіңізге жүгіне отырып, ең қиын шаруаларды мойныңызға жүктейсіз. Өзгелер ала алмаған асуды бағындырасыз. Сіздің тың идея барлығына ұнайтын болады.

Таразы

Демалуға, күш-жігеріңізді қайта қалпына келтіруге қолайлы сәт. Кейбір шаруаны кейінге қалдырған жөн. Алайда мұқият болыңыз. Аптада туыстардың арасында болыңыз.

Сарышаян

Қиын шаруаның барлығы артта қалды. Енді тыныштықта демалатын боласыз. Көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз. Аптада көп күшті қажет ететін, маңызды шаруаны, ірі жобаны қолға алмаңыз.

Мерген

Аптада жаңа достар табасыз. Сонымен қатар алдағы уақытта өміріңіздің бір бөлшегіне айналатын жанды жолықтырасыз. Дегенмен тәуекелге барып, ірі көлемде сауда жасаудың қажеті жоқ.

Тауешкі

Жемісті апта. Таңертеңгілік айтарлықтай жоспарыңыз болмаса да, біраз уақыттан соң айналысатын іс тауып аласыз. Бойыңызда күш-қуатыңыз көп. Сондықтан біраз шаруаны тындыратын боласыз.

Суқұйғыш

Кез келген пайдалы іспен айналысуға мүмкіндік бар. Ойлау қабілетіңіз жоғары, сондықтан қиын тапсырманың өзін оңай орындай аласыз. Сіздің өз ортаңыздың көшбасшы екеніңізді кез келген адам мойындайды.

Балық

Өзгелердің сізге сеніп тапсырған жұмысына бей-жай қарай алмайсыз. Бар ынтаңызбен көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларына атсалысасыз. Сонымен қатар әділеттілікке қол жеткізу үшін барыңызды саласыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!