Қазақстан Респбуликасының Конституциясы 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция.
Конституция халқымыздың еркін білдіретін елдің заңы ғана емес, сонымен бірге Қазақстан азаматтарының құқықтар мен бостандығын жүзеге асырудағы елеулі ілгерілеуді, сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастыққа және олармен адал қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын көрсетеді. Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Әрбір азамат өзіне тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Мемлекетті құраушы ұлттық ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағыт бағдар жасайтын маңызды белгі. Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаған елміз сондықтан Конституцияны құрметтеу оны ұлықтау біздің басты парызымыз.
Қызылорда қаласының №2 сотының жетекші маманы Д.Ахметов
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!