Отандық танымал әнші Мейрамбек Беспаев өзіне желі арқылы ақ тілегін жаудырған Қызылордалық әжеге сыйлық беріп жіберді, – деп хабарлайды Kаzus.kz ақпараттық порталы Oinet.kz сайтына сілтеме жасап

– Саламатсыз ба апа! Мейрамбек балаңыздың сәлемдемесін аранайы Алматыдан алып келдім. Мынау сізге шәй ішсін деген тәттісі мен аранайы камзолы. Мейрамбек балаңыз сәлем айтып жатыр, жүз жасасын дейді. Немере шөбереңіз көп болып, шөпшек сүйсін, – деген әншінің ізгі тілектері мен сәлемдемесін Мәмбетжан атты ер адам алып келді.

– Өзі де мың жасасын балаларының рахатын көрсін. Ауырып жүр дегенсоң, әжептеуір уайымдап қалдым. Қазақтың аты шығып жүрген баласы еді деп тілеуін тіледім. Мейрамбек баламды Қыдыр баба қолдасын деп, – әже өз батасын беріп, рахметін айтты. 

– Анаңа қоңырау шалдың ба?, Жүрегі кірлемеген, жаны жайсаң жандардың бары қандай тамаша. Көңілі таза адамның, тілі таза. Бес күндік жалған өмірде бір – бірімізбен сыйласып, жақсы көріп өткенге не жетсін. Аман болыңыздар,- деді әнші өзінің instagram парақшасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!