Алашорда өкілі Міржақып Дулатұлының қиын тағдырын баяндайтын «Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи драмасының кинопрокаттан алынуы қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алғашында көрермендер қалалық киноплакаттар енді «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмін жарнамаламайтынын байқаған. Тарихи драмаға билеттерді онлайн кассадан сатып алу әрекеті де сәтсіз аяқталған.

Барлық тиісті қызметтерде іздеу жүйесі «бұл фильм енді кинотеатрларда көрсетілмейді» деп жауап берген. Бұл жағдай сәйкесінше қазақстандық көрерменді қатты күйзелтті. 

Айта кетейік, тарихи телехикаяның премьерасы өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен болатын. Шара Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!