Вашингтонда жерленген қазақтың  жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне арнайы зиярат жасалып, қазақтың «топырақ апару» дәстүрі орындалып, құран бағышталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин Қазақстандағы ата-бабалары жерленген жерден топырақ пен жусанды алып келіп, әкесінің қабіріне қойды.

Зиярат рәсіміне Вашингтондағы Kazakh American Association мүшелері қатысты.

Зияраттан кейін Едіге Мағауиннің үйінде еске алу жиыны өтіп, құран оқылды. Жазушының кабинеті мен кітапханасы әлі де сол қалпында сақталған. Жиында атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктер айтылды.

Әңгіме барысында Мұхтар Мағауиннің 2022 жылы сырқаттанып жатып, «жазып жатқан кітабымды аяқтауға үш жыл өмір берші» деп дұға еткені, ақырында еңбегін 2024 жылдың күзінде аяқтап, 2025 жылдың қаңтарында, 85 жасқа толуына бір ай қалғанда өмірден өткені еске алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!