Нұр-Сұлтанда кинотеатрларға санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен кинотеатрлардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат етілді.
«Орындар санын 30%-дан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10: 00-ден 24: 00-ге дейін жұмыс істейді, акциялар өткізілмейді. Егер карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.
Сонымен қатар мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында 24 сағатқа дейін ұзартылады. Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шаралардың сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.
Жұмыс кестесі сағат 22: 00-ге дейін сақталатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда:
Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және тойлауға арналған басқа да орындарда өткізуге тыйым салынды.
Карантин және шектеу шаралары бұзылған жағдайда нысандар қызметі тоқтатылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!