Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысқан болатын.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ елінің дамуы, жетістіктері жайында айтты.

Президент келесі жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялады

«Егемен еліміздің өміріндегі тағы бір мерейлі белес жақындап келеді. Біз қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басамыз.  Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым», – деді Президент.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!