Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жалпыұлттық деңгейде «Қайырымды істер марафонын» ұйымдастыру туралы ұсынысына орай қолға алынған игі бастаманы Облыстық жастар ресурстық орталығы жауапкершілікпен жалғастырып келеді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында “30 игі іс”, “Қайырымды істер марафоны” турасында уәде еткендей, көшпелі негізде «Әлеуметтік жәрмеңке» ұйымдастырылды. Бұл игі істің көшпелі түрі алғаш рет қолға алынып отыр. Орталық мамандары ақылдаса келе алғашқы нысан 120-дан астам отбасы тұрақтанған “Бәйтерек” м/а, “Баламекен” елді мекеніне жолға шығуды жөн көрді.
Жәрмеңкеде қолданыста болған киім-кешектер, аяқ-киімдер және балғындардың білімін дамытатын, зейінін ашатын кітаптар да таратылды.
– Облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Волонтерлар Фронт-офисі» еріктілерінің ұйымдастыруымен өткен игі шарада Қазақстан халқы ассамблеясы Қызылорда облыстық филиалынан Гүлайым Мәлік және «Халық асар» ұйымы қолдау көрсетті және осы күнге дейін қолдау білдіріп, жастар орталығындағы әлеуметтік дүкенге үлес қосқан, барлық мейірімді жандарға алғысымызды білдіреміз, – деді Азамат Мукеев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!