Қызылорда топырағы киелі, талантқа бай өлке. Сыр өңірінде талайдың таңдайын қақтырған, әртүрлі салада топ жарған небір қайраткерлер өсіп-өнген. Солардың бірі – журналистика саласының майталманы, қаламы қарымды, ойы алымды, ақпараттың абызы Шәкірат Дәрмаған­бетов. Аралдың тумасы бүгінгі күні 90-ға келсе де ауданнан шыққан қаламгерлер мен журналистер көшін бастап тұр.
Шәкірат Дәрмаған­б­етов 1928 жылы Арал ауданы Қара­терең ауылында дүниеге келген. Әкесі «Еңбек армиясына» аттанғанда өзі теңізден балық аулап, қызмет қылған. 1950 жылы қызыл­ор­далық пединститутты тарих мамандығы бойынша үздік тәмамдаған соң Октябрь, Шөмішкөл, Қаратерең сынды ауылдарда мектеп директоры болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Арал аудандық «Социалистік Арал», Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінің бөлім меңгерушісі және редактордың орынбасары қызметін атқарды.
Шәкіраттай журналистика саласына еңбегін сіңіріп, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагерлер кемде-кем. Сондықтан бізге болашақ ұрпақ үшін ұлы тұлға­ла­рды ұлықтау парыз. Қоғам мен халықты байланыстыра отырып, сапалы, шынайы ақпаратпен қамтамасыз еткен атамыздың басқан ізімен қазіргі және болашақ журналистер жүрсе, қазақ журна­листика­сының болашағы бұлыңғыр болмайтынына кәміл сенемін.

Айтілес ЖАЙШЫЛЫҚ
Қорқыт ата атындағы ҚУ,
Журналистика мамандығының
1-курс студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!