Қанатын қақса, қазақтың қайсар құстары.
Күдік туғызбас, шыңдарды көздеп ұшқаны.
Қас пенен көздің арасы сынды қашықтық.
Құладүздер мен құба белдерді құшқаным.
Қас қағым сәтте,қаракөз үміт ақталып.
Құлагер аттай, қадамдар бастық шаққа нық.
Көре алмағанның қаскөй ниеті көкке ұшып,
Қылкөпірлерден қаперсіз өттік бақ дарып.
Аманатымды ала таңдардан арқалап.
Аласұрғанда ақиқат тұрды анталап.
Азаншы сынды ах ұрып айтқан арманның,
Айна қатесіз куәсі мына шартарап.
Тәуелсіз елдің тарихы тасқа басылып.
Танымағандар таңдайын қақты бас ұрып.
Тұяғы бүтін тұлпардың тілеп саулығын.
Тәубе дескендер, таныта көрме асылық!
Тәубе дескендер, таныта көрме,асылық!
Толқын Қабылша
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!