Бүгінде тіліміздің деңгейі төмен, ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келген ана тіліміз жұтаң тартып барады – деп жиі айтатынымыз рас. Ал аға буынның көпшілігі осыған да шүкір дейді. Себебі еліміз тәуелсіздік алғанға дейін, одан кейінгі жылдарда да он адамның жетеуі — өзге ұлт өкілі, үшеуі ғана қазақ боп қалған кездерде биік мінберді былай қойып, қоғамдық көлікте, қала көшелерінде туған анаңмен, туған балаңмен қазақша сөйлесудің өзі мұңға айналған заман болған. Ал қазір ше? Тәуелсіздік алғаннан кейін тіліміз заң жүзінде елдегі басты тілге –мемлекеттік тілге айналды. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістігіміз Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – Тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.

Ерхан АҚЫН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!