1991 жылғы желтоқсанда тәуелсіздік алуы Қазақстан тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңге айналды. Енді әлем сахнасында аяқ басқан республика экономикалық, саяси және әлеуеттік бастамаларды қолға алды. Тәуелсіздік ауқымды, өзгеше, халықаралық оқиғалардың басталуына түрткі болды. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіздік жылдары тарихи оқиғаларға бай кезеңге жатады.
Қазақстанның саяси өмірінде толық, түбегейлі бетбұрыс орнап, тоталитаризмнің бұғауынан босап шығып, әлеуметтік-экономикалық даму жүйесіне қол жеткізді.
1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Ал 1993 жыл ел дамуының конституциялық және экономикалық реформаларды жалғастырудың басты шарты саяси тұрақтылыққа қол жеткізген жыл болды. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдануы негізгі оқиға болды. Осымен елдің Негізгі заң бекітіліп, азаматтық құқықтарға жол ашылды.
1992 жылы Қазақстанның халықаралық саяси аренаға шығу жылы болды. Осы жылы қаңтарда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға, 2 наурызда БҰҰ-на кірді. Мамырда жаңа елдің басшысы Н.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды.
Қазақстан Дүниежүзілік валюта қорына, Дүниежүзілік қайта жаңғырту және даму банкіне қатысушылардың қатарына қабылданды. Қазақстанның СНВ-і шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы дүниежүзінде маңызды оқиға болды.
1992 жылы маусымда қабылданған «ҚР-ның мемлекеттік нышандары – елтаңбасы, туы және әнұраны туралы» заңы мен 1993 жылы 15 қарашада енгізілген ұлттық валюта – теңгенің айналымға енуі мемлекет қалыптасуындағы аса маңызды кезең болды.
Сол жылдары Еуропа елдері деңгейінде жарақталған заманауи Қарулы Күштер құрылды. Қазақстан мен Ресейдің әскери институттарында оқыған отандық офицерлерден корпус жасақталып, жаңа әскери доктрина мен 1995-2005 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды.
1997 жылы 10 қазанда Республика президенті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының ұлттық стратегиясын бекітті. Ол бағдарламалық құжат түрінде бекітілді.
1998 жылы ішкі саясатты ірі бетбұрыс болды: ол – астананың көшірілуі. Бұл – халық бірлігі мен ұлттық тарих жылының бейнелік көрінісі болды.
1999 жылы елде алғаш рет Парламенттік сайлау өтті. Алғаш рет Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда партия тізімдері бойынша сайлау өткізу тәжірибесі өмірге енді.
1992 жылы желтоқсанда Қазақстан халықтарының форумы өтіп, онда жаңа қоғамдық институт – Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлесуі Ассамблеясын құру туралы айтылды. 1995 жылы 1 шілдеде Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Экономикалық саясат саласында жоспарлы-бөлуші социалистік экономиканы нарықтық экономикаға айналдыру қолға алынды. Елде ЖІӨ-нің 75 пайызы жеке секторда өндірілді. Тәуелсіздік жылдарында шағын жекешелендіру аясында 34 мың кәсіпорын, 27 мың нысан жекешелендірілді.
Елеулі табыстардың бірі – тартылған шетелдік инвестициялардың көлемі. Қазақстанға 2000 жылға дейін 11,8 млрд $ инвестиция тартылды. Халықтың жан басына шаққанда инвестиция бойынша Қазақстан ТМД-да жетекші орын алды.
Екінші деңгейдегі банктерге халықтың сенімін одан әрі нығайту мақсатында банк депозиттерін ұжымдық сақтандыру жүйесі құрылды. 2001 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі ең төмен деңгейге дейін (12 пайызға дейін) жетті, 2001 жылғы қыркүйекте халықтың банк депозиттері 1997 жылғы 27,6 млрд теңгеге қарағанда 164,7 млрд теңге болды.
2000 жылы қыркүйекте алғаш рет «Білім беру» туралы заң қабылданды. Мұнда үздіксіз білім берудің аспектілері қаралды. Сондай-ақ Қазақстан Орталық Азияда алғашқылардың бірі әлеуметтік әріптестік туралы заң қабылдап, еңбек қатынастарын реттеудің тетігін іске қосты.
1998 жылы қаңтарда Қазақстан мен Еуропа одағы елдерінің арасында әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!