Сурет: Kazgazeta.kz
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда кітап бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңгені құрады. Былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі – газет шығару, 16,7 млрд теңге – кітап шығару, 9,7 млрд теңге баспа қызметінің өзге түрлері есебінен түскен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!