ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жаңа жыл түнінде Қазақстандағы перзентханаларда 240 сәби дүниеге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мереке түнінде жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында 44 бала тіркелген. Екінші орындағы Атырау облысында 29 бала дүниеге келді. Ал Алматыда 28 отбасы жаңа мүшемен толықты.

«Бұл 125 ұл және 115 қыз, оның ішінде бір жұп егіз», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңа жыл түні республика астанасында 17 сәби дүниеге келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!