Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күні қарсаңында қала дамуына үлес қосып жүрген азаматтар «Nur Otan» партиясы қатарына қабылдынды. Шараға «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филилалының төрағасы, қала әкімі Ғанибек Қазантаев қатысып, мерекелік лебізін жолдады.

«Болашақтың қаласы болған Елордамыз бүгінде Шығыс пен Батысты байланыстыратын, түрлі мәдениеттер мен өркениеттерді қауыштыратын, бейбітшілік пен тұтастық идеясын тарататын орталыққа айналды. Мұның барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және бірлігі жарасқан, дархан пейілді халқымыздың зор еңбегінің жемісі. Ел үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз берекелі болсын», – деген Ғанибек Қонысбекұлы бірқатар азаматтарды партия қатарына қабылдап, куәліктерін табыстады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!