Жігіттің игі ісіне қостанайлықтар куә болған.
Қостанайда көшеде сауда жасап тұрған әжейден барлық ұлтарақты сатып алған жігіттің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жігіттің игі ісіне қостанайлықтар куә болған. Оқиға куәгерлері көлік салонынан жігіттің көшедегі әжейден барлық ұлтарақты сатып алып жатқанын видеоға түсіріп алған.
«Көрдіңіз бе, аға әжейге көмектесіп жатыр. Әжей қартайған, оған тұру қиын, одан бәрін сатып алды», – деп кадр сыртында әйел баласына айтып жатқаны естіледі.
Кадрлардағы 23 жастағы Анатолий Понамарев екені белгілі болды. Ер адам көлік бөлшектерін сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Instagram әлеуметтік желісіндегі жазба туралы оған туыстары айтып берген. Оның өзі бұл әрекетін жарнамалағысы келмеген және түсіріп алғанын да білмеген.
«Мен азық-түлікке бара жатып, әжейдің ұлтарақ сатып тұрғанын көрдім. Сыртта суық болды, әжей үйіне қайтуы үшін барлық тауарын сатып алуды ұйғардым. Менің өлшемім жоқ болды, бәрін ауылдағы туыстарға апардым. Сондай-ақ, қолғаптар болды – барлығы қолдан жасалған. Мен әрқашан әжелерден бірдеңе алуға тырысамын, бала күнімнен үйреткен», – деді Анатолий Понамарев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!