Бүгін Қызылордада «Рухани жаңғыру орталығы» облыс және қала әкімдігінің қолдауымен ақындар айтысын ұйымдастырды.

Қызылордада жас ақындар айтысы өтті

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» деп жырлаған сегіз ақын додаға түсті. Жас ақындардың өнерін айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Серік Ыдырысов бастаған әділқазылар алқасы бағалады.

Жыр бәйгесі елдегі карантин жағдайына байланысты әлеуметтік желіде тікелей көрсетілді. Елдік мәселелерді арқау еткен жас дарындар көрерменсіз залда өнер көрсеткенімен еш аянып қалмады.

Нәтижесінде, бас жүлде Қармақшы ауданынан келген Сырым Әділбековке бұйырды. Бірінші орынға Бекжан Ержігіт лайық деп танылса, екінші орын Мұхамеджан Мансұровтың қанжығасына байланды. Бексұлтан Орынбасаров пен Бақдәулет Әбілдаев үшінші орынды өзара бөлісті.

Айтысқа қатысқан өзге де қатысушылар орталықтың арнайы алғыс хатымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!