Қызылордалық Нариман Ержанұлы «Жол – баланың көзімен» атты республикалық сурет салу байқауында арнайы жүлдеге ие болды. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК ұйымдастырған қыл-қалам бәйгесіне еліміз бойынша 250-ден аса сурет кеп түскен. Қатысушылардың туындылары үш жас ерекшелігі бойынша бағаланды. Балалар салған суреттер бірінен-бірі асып түсіп, үздіктерін таңдау қазыларалқасына да оңайға соққан жоқ. Байқау қорытындысымен жүзден дараланып, ерекше көзге түскен Қызылорда қаласының №2 Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 2 сынып оқушысы Нариман Джакешовтың суреті қазылар мүшесімен жоғары бағаланып, арнайы жүлдеге лайық деп танылды. Елорда төріндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. Талапты өреніміз «Жолактивтерініңұлттық сапа орталығының» бас директоры Зәмір Сағыновтың тағайындаған бағалы сыйлығына ие болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!