22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады.

Рамазан айына орай елордада бірқатар бағдарда тегін автобус қатынайды деп хабарлады turkystan.kz.

«22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Сізге ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді», – делінген City Transportation Systems компаниясының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Нақтырақ айтқанда, «Республикалық Бас мешіт» мешітінен жүретін автобус бағыты «Целинный» ықшам ауданы, Гребной канал, Республика даңғылы; «Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін автобус бағыты «Спутник» супермаркеті, темір жол вокзалы, «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы; «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін автобус бағыты «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы, темір жол вокзалы, медициналық колледж; «Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін атвобус бағыты «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы, «Кирпичный» тұрғын үй алабы; «Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін автобус бағыты «Рахмет» сауда орталығы арқылы өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!