Виктор Козодой есімді ресейлік ғалым «Алаш Орда» қозғалысының лидері, бірегей тұлға, қазақ халқын ағартуға көп еңбек сіңірген Әлихан Бөкейхан туралы кітап шығармақшы.

Алдағы күзде баспадан 1000 данамен шығатын монографияда қазақтың мақтанышы, ірі тарихи тұлға Әлихан Бөкейхан өміріне қатысты бұрын-соңды белгісіз боп келген тың ақпараттар көрсетіледі.

Ғалым Виктор Козодой кітапты әр оқырманға түсінікті болатындай етіп, қарапайым тілмен жазғанын айтады:

«Мен зерттеп отырған тұлға Қазақстан тарихы үшін өте маңызды рөл ойнаған бірегей азамат. Десе де, ол бүкілимпериялық саясатта салмақты орны болған саясаткер ретінде Ресей тарихы үшін елеулі боп қала бермек», – деді ол.

Кітап жазуды осыдан 3 жыл бұрын Павлодар қаласынан тәжірибе алмасу бағдарламасымен келген кезде бастаған екен.

Университет деканы Александр Свидерский ғалым туралы былай дейді:

«Ол біздің университеттің құрметті профессоры. Виктор оқу орнында магистранттар мен студенттермен жұмыс істеп жүрген кезде Қазақстан тарихына үлкен қызығушылық танытты. Оны, ең алдымен, Әлихан Бөкейхандай тұлғаның ірілігі таңдандырды. Кітап жазу барысында көбіне «Торайғыров» атындағы кітапханада сақталған ақпараттарды пайдаланды. Алматы, Семей, Павлодар, Томск, Омск, Самара, Оренбург және Новосибирск сынды қалалардың да архивтері қамтылды.»

Бұл Ресейде басылғалы отырған Әлихан Бөкейхан туралы алғашқы кітап болмақ. Шығарма қазан айында жарыққа шығады. Презентациясы Қазақстанның 3 қаласында өтеді.  

Айта кетейік, Әлихан Бөкейхан алғаш болып, «Алаш Орда» ұлт-азаттық партиясын құрып, қазақ халқының азат болуында еңбек етті. Алғаш рет Омбыдағы қазақ мекиебінде оқыған ол кейіннен Санкт-Петербург қаласныда орман шаруашылығ бойынша білімін жетілдірді, 20 жасында Дала генерал-губарнеторының степендиясын иеленіп, Санкт-Петербургта экономика саласы бойынша оқыды. Ол қазақ халқының ІІ ғасыр бойы отар болып, білімнен кенде болып қалғанын Ресей империясында оқып жүріп аңғарды. Сондықтан өз халқын ағарту жолына бел буып кіріседі.

Осы жолда қазақтың ауыз әдебиетін құрастырды. «Ер Тарғын, «Ер Сайын», «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» жырын баспадан шығарды.

Кейінгіге мұра болған атақты 5 ұстанымын қалдырды. Қазақ халқының азат болуын аңсаған қайраткердің арман-тілегі орындалмады.

«Тірі болсақ алдымызда үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, ендігі жолы өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар», –  деген еді ұлт көсемі.

1991 жылы Әлихан Бөкейханның осы сөзі расқа айналып, Қазақ халқы тәуелсіздігін алды.

Ұлт көсемі туралы тәуелсіздік жылдары бірнеше кітап жазылды. 1994 және 2009 жылдары режиссер Қалила Омаров деректі фильм түсірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!