Самға, Жастық!

Самға сен,

Самға мәңгі,

Өр үніңмен тұтат та таңғы

 алауды.

Дүниені селт еткіз,

Жалыныңмен

Жалт қаратып таңдандыр

бар ғаламды.

Самға, Жастық!

Биіктен қол бұлға тек,

Бақыт құсын қолына қондыр

әкеп.

Саған бағыт сілтейін, ақыл

 айтып,

«Жас күніңді бостан-бос қор

 қылма» деп.

Самға, Жастық!

Сенімін ақта елдің,

Аманатын бабамның сақта

дермін.

Ел үміті өзіңсің,

Ел ертеңі,

Бірегейі болғайсың мақтаулы

ердің.

Самға, Жастық!

Адал бол пәк көңілді,

Еңбегіңмен көркемде ақ

төрімді.

Қарияға сәлем бер, құрметте

оны,

Ізгілікпен өткіз бұл тәтті өмірді.

Самға, Жастық!

Қамқор бол кішілерге,

Сүйре елдің сеніммен көшін

өрге.

Сен бар болсаң,

Жігерлі, күш-қайратты,

Бақытынан енді елім кешігер ме.

Самға, Жастық!

Азат ел қыранысың,

Жырла, Жастық,

Рухты жыр-әнімсің,

Сен сөйлейсің тарихи

кезеңдерде,

Сен өйткені текті елдің

ұланысың.

Самға, Жастық!

Сүйсініп қарасын ел,

Өз елімен табады жарасым ер.

Өз еліңнің ұлы бол,

Ұлысы бол,

Бақытына сені де баласын ел.

Самға, Жастық!

Бар бақыт жолында тұр,

Жайна, Жастық!

Жаңарып, жалында бір.

Болашаққа жол салшы

біліміңмен,

Ел ертеңі өзіңнің қолыңда тұр!

Самға, Жастық,

Жина да бойға күшті,

Ізден және серік қыл пайдалы

істі.

Сен бәріне әрине жауаптысың,

Ел ертеңі тек саған

байланысты!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!