Алматылық виолончелист Бағжан Октябрь өнерімен халықты тәнті етті.
Қазақстандағы жалғыз, әлемдегі он жеті аспалы көпірдің бірі Семейде. Дәл осы биіктігі 115 метр болатын аспалы көпірдің басында Абайдың танымал «Көзімнің қарасы» әнінің әуені ойналды.
Алматылық виолончелист Бағжан Октябрь өнерімен халықты тәнті етті.
– Көпірдің үстіне шығып, қолыма виолончелімді алып Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әуенін ойнаған кезде маған шыны керек бір шабыт келген сияқты болды. Анау биіктік маған биіктік сияқты болып көрінген жоқ, суық суық болып көрінген жоқ. Солай бір керемет әсер болды, – дейді Бағжан Октябрь.
Бұл видеоролик Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы мен Семейдің туризмді дамыту секторының мамандарының ұйымдастыруымен түсірілген екен.
«Біз әлеуметтік желілердегі бұндай жобалар Қазақстан азаматтарын өз еліне саяхаттауға және туған өлкелерін ашуға ынталандыратынына сенімдіміз, бұл әсіресе пандемия кезінде өзекті болып тұр. Біз осындай жобалардың арқасында Шығыс Қазақстанда туризм дамитынына сенеміз. Бағжан Есіркеп бірден осы жобаға қатысуға келісті. Ол өзінің шығармашылық жолының басында виолончельде қазақ әндерін ойнауды және музыкаға жаңа тыныс беруді мақсат еткенін айтты. Ол өте керемет орындап шықты», – деді ШҚО туристік ақпараттық орталығының директоры Татьяна Исенева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!