ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КЕАҚ және «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің үйлестірушісі «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында аймақтық фронт-офис өкілдеріне арналған 2 күндік семинар өтті.
Семинарға 14 облыстан және 3 республикалық маңызы бар қаладан 34 аймақтық фронт-офис өкілдері қатысты. Атап айтқанда, ішкі саясат басқармасы, жастар басқармасы мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері. «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисі – бұл консультациялық, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық және оның функцияларына бүкіл республика бойынша волонтерлік жобаларды үйлестіру кіреді. Осы орайда фронт-офис өкілдерінің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, атқарылған жұмыстарға талдау жасау – семинар-тренингтің мақсаты мен міндеті осыған саяды. Семинар барысында қатысушылар волонтерлік жобаларды іске асырудың мониторинг жоспары және волонтерлікті дамытудың жол картасын әзірлеу бағыттары бойынша күрделі әрі тереңдетілген мазмұнда мәліметтер мен ақпараттар алып, кәсіби біліктілігін жетілдірді. Сонымен қатар аймақтарда жүзеге асырылып жатқан фронт-офис бағытындағы жұмыстар бойынша аймақ өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлерін тындаған мамандар айтылған мәселелер министрлік тарапынан жауапсыз қалмайтынын жеткізді.
Екі күн бойы өз тәжірибесімен бөліскен тренинг жаттықтырушыларына және ұйымдастырушы тарапқа Қызылорда облысының барша Сыр жастары алғыс білдіреді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!