Бүгін Қызылорда облыстық ардагерлер ұйымы бес жылдық есеп беру конференциясының қорытындысын баяндады. Осы орайда, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ардагерлер ұйымында атқарылған жұмыстарды тізбектеп, алға қойған міндеттерді атап өтті.

«Ардагерлердің басты мақсаты − үлкенді жолмен елді бірлікке шақыру. Кейінгі ұрпаққа ардагерлердің сара жолын үлгі ету және жастарды жақсылыққа шақыру. Ардагерлер ұйымында бес жылда бір рет арнайы конференция өтеді. Кешегі болған конференцияға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, ардагерлердің келелі ойлары мен айтар пікірін тыңдады. Ал аудан ардагерлері онлайн түре байланыста болды. Оның өзі Сыр өңірінің ардагерлердің арасындағы үлкен ауызбіршілікті көрсетеді. Алдағы міндетіміз – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бірқатар тапсырмаларды орындап, өңірлік саясатты жетілдіруге атсалысу, ұлтты ел дамуына үлес қосуға ұйыстыру болып қала бермек»,- деді Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы.

Сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жақай Бодықбаев шаһар шегінде ардагерлер тарапынан атқарылып жатқан негізгі істерге тоқталып, алдағы бағыттарды бағамдады.

«Қала ардагерлінің конференциясы 24 тамызда өткізілген болатын. Ардагерлер бес жыл ішінде қандай жұмыстар жүргізгенін және халықтың көкейдегі мәселелері талқыланды. Ендігі кезекте алқалы жиында нақтыланған міндеттерді негізге алып, жүйелі жұмысымызды жалғастыру керек. Жалпы қарттар − уақыттың жарғысы. Бүгінде қалада 30 мыңға жуық ардагер тұрады. Біздің қалалық ардагерлердің бірінші жұмысы барлық бастауыш ұйымдарда есепке алынбаған қарттардың мәселесін көтеру болып табылады», – деді Жақай Бодықбаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!