Қызылордада архив мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер өтті. Мақсаты «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік экспедиция жұмысын үйлестіру» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру, өңірде ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбандарын анықтау, оларды ақтау үшін ұсыныстар енгізу. Экспедиция мүшелері қатысты. Кездесу барысында сөз алған Айтжан Оразбақов Архивтермен жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндама барысында Сол замандарда болыс болған, бай болған адамдардың құжаттары мен деректерінің көп бөлігі архивте жоқ екендігі, басқа облыстардағы әріптестермен байланыс орнатып іздеу жұмыстарын қолға алғанын айтты, Сонымен қатар Түркістан афтономиясы кезіндегі деректер де жинақталып қағаз бетіне түсіп жатырғанын айтып өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!