Еркіндік арман еді көптен бергі,

Жүректе алаулатқан от демдерді.

Біз мүлде ұмытпауға тиістіміз,

Аязда мұз тырналып өткендерді.

Қыранның қанатында жазылып тұр,

Қыпшақ пен сақтарымнан жеткен белгі.

Желтоқсан жарқырайтын ай болғанмен,

Ұмытпайық қайғы, азап шеккендерді.

Шыршаны шыр айналар кез емес бұл,

Бабаның құрғаған жоқ төккен тері.

Айбынды азаттығым келмегенде,

Той тойлауға ниетің беттер ме еді.

Шарайнада шырша емес елдік мүдде,

Қоғадай жапырмады текке ерлерді.

Шырша емес қағазым ұмытпайық,

Шындықтың отын жағып кеткендерді.

Айдар САЙЛАУОВ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!