Достық үйінде «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Стринг Арт сурет өнерінің үйірмесі ашылды.

Ашылу салтанатына «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, қолөнерші, суретші Қуаныш Сержанов, этномәдени бірлестіктің өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.

Стринг Арт үйірмесі ашылды

Шарада алғы сөз алған Б. Айтбенбетов «Балалар жылына орай ашылған өнер үйірмесі  шығармашылыққа өте қолайлы, табандылыққа, қол еңбегіне дағдыландыруға және бала моторикасын белсенді дамытуға мүмкіндік береді»,- деді.

Ал Қ. Сержанов шегелер мен жіптердің суреттері стресске қарсы тамаша тәжірибе. Шыдамдылыққа, зейінділікке тәрбиелеп, сөздік қорын дамытатындығын атап өтті.

Стринг Арт үйірмесі ашылды

Шарада осы Стринг Артпен 8 жылдан бері айналысқан өнер иесі  бірнеше композициясын таныстырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының эмблемасының жасалу жолын  оқушыларға тәжірибе  жүзінде көрсетті. Шеберлік сабағын жүргізді. Оқушылар ерекше ықыласпен, қызыға қатысты.

С. Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің оқушысы Нұрдәулет Тұрмахан «Стринг арт өнер түрін бірінші рет көріп тұрмын. Қызығушылығым оянды. Жіппен шегеге сурет салу ұзақ уақытты талап еткенмен, нәтижесі көз қуантарлықтай екен», – деді.

С. Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің оқушысы Нұрдәулет Тұрмахан «Стринг арт өнер түрін бірінші рет көріп тұрмын. Қызығушылығым оянды. Жіппен шегеге сурет салу ұзақ уақытты талап еткенмен, нәтижесі көз қуантарлықтай екен», – деді.

Стринг Арт үйірмесі ашылды

Айта кету керек, үйірме Достық үйінде балаларға аптасына екі рет және тегін жүргізіледі. Сабақты суретші, қолөнерші Қуаныш Сержанов өткізетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!