Емдеп жазып жүректегі жарамды,
Бір көргенде баурап алдың санамды.
Отбасымда тек сен үшін орын бар
Уақыт жетті-ау, қуантатын анамды.
Сезімімен сөз құрайды жас бала,
Махаббатым үлгі болсын басқаға.
Өмірімді тек сен үшін сүремін
Жан жарым бол, мәңгілікке тастама.
Бірге өскен қатарымсың, құрдассың,
Тек өзіңе ішімдегі сырды аштым.
Алла қалап ғұмыр берсе, уәдем бұл
Сенен басқа жанмен отау құрмаспын!
Сыр шертейін ең бақытты кезімнен,
Екінші жыл жүргеніме өзіңмен.
Жарым болшы, мәңгі бірге болайық,
Сезім лебін сезесің бе сөзімнен?
Темірлан Кеулімжай
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!