Фото: жеке мұрағатынан
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аңыз адам, Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың келіні «Сыған серенадасы» спектаклін қойып жүрген театр басшыларын сотқа бермек.
Мәлімдемені Ботагөз Қалдаяқова «Креативті индустрияны дамыту» тақырыбында өткен мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитет отырысында жеткізді.
«Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы мұрагерлердің рұқсатынсыз «Сыған серенадасы» пьесасы қойылып жатыр. Мұрагерлер ол оқиға туралы бірнеше рет айтқан.
Нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа береміз», – деді марқұм сазгердің келіні.
Сөзінше, Шәмші Қалдаяқовтың мұрагерлері туындының желісін шындыққа сәйкес келмейді деп сынап, бірнеше рет наразылық білдірген. Пьесадағы композитордың сығандардан таяқ жегені туралы эпизодтың ойдан шығарылғаны және марқұм сазгердің беделіне нұқсан келтіретіні айтылған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!