Президент Қасым-Жо­­­март Тоқаевтың мақаласы елім, халқым деген жұрттың көңілінен шықты деп ой­лаймын. Жаңажылдық құт­тықтауында Мемлекет бас­шысы «елімізді аспен де, таспен де қорғаймыз» де­ген болатын.

Қазақ қазақтың ата­ме­ке­нінде отыр! Біз ешкімнен жерді сыйға алған жоқпыз! Дә­лел жет­кілікті.

– Бабалардан мұра болған қа­сиетті жеріміз – ең басты байлы­ғымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшен­бейді, – деді Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Батыл байлам! Ұққан адамға – аталы сөз!

Біздің осы уақытқа дейінгі бір олқы тұсымыз – Қазақстан та­рихын тұтас қамтып жаза алма­ғанымыз. Президент осы мәсе­лені де тап басып айтыпты.

– Қазақстанның акаде­мия­лық үлгідегі жаңа тарихын жазу­ды дереу бастау керек. Бұл іске беделді та­­­­рихшыларымызды тар­ту қажет. Сонымен қатар шетел ауди­то­­­­­рия­сына арналған Қазақстанның қыс­қаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсы­­­­на­мын. Бұл – қа­зақтың сан ғасыр­­лық шынайы тарихын әлемге та­­ны­тудың бір­ден-бір жолы, – деп жазады Президент.

– Осы ретте өте білікті жас та­рихшыларды әлемнің әр шал­ғайына аттандырып, арнайы қазақ тарихын зерттеу мен зерде­леу ісіне көңіл бөлу керек. Әсі­ресе, ағыл­шын, араб, қытай, үн­ді, парсы және Еуропа ел­дерінің тілін жақсы бі­летін жас­тардан мақсатты топ құрып, ше­тел архивтерін үңгіп зерттеу керек.

Тарихымызды дұрыстап алу – мемлекеттік мәселе. Ұлт­тық сана тарихы сананы жаң­ғыртудан бастау алады. Осыны ескеру керек!

Осы ретте тарихи фильмдер түсіру арқылы ұлттың жадын жаң­ғыртуға жол ашылады. Ұл­тымыз талай «тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Қазақтың көрме­ген қиын­­дығы, тартпаған тақ­сыреті жоқ. Мемлекет басшысы қырғыздың «Құрманжан датқа» фильмі туралы текке айтып отыр­маған болар. Президент елдік пен мемле­­кет­тілікті санаға сіңіру үшін бізге та­рихи фильм­дердің қажет екенін айтты. Та­ри­хи тақырыпқа арнап түсіріл­ген алты-жеті-ақ тарихи фильм қай жыртыққа жамау бо­лады? Пре­зидент тапсыр­­­масына сәй­кес, мемлекеттік тапсырыстың бел­гілі бір бөлігі міндетті түрде тарихи та­қырыптарға бағыт­та­латын бо­лады. Бұл – өте жақсы ұсыныс!

Тіл – тәуелсіздік тұғыры! Мем­лекеттік тіл – тәуелсіздіктің бір атрибуты! Осыны ескерген Президент барша қазақ­­стан­дықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отан­­дас­тарға үндеу тастады. «Жастар ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отыр­мыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді»,– деді Пре­зидент.

Биыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы.

Осы уақытта қол жеткізген табыс­тарымыз да аз емес. Әйтсе де, өзіміздің әлсіз тұстарымызды өзіміз білеміз. Тезірек олқының орнын толтырмақ керек.

Тәуелсіздік – ұлттың бағы! Қазақ үшін бәрінен қымбат ұғым! Президенттің мақа­ла­сында елдік мұрат анық ай­қындалған. Назар аударатын, мән беретін мем­ле­кеттік мәсе­лелер бар­шылық.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы «Тәуелсіздікті жыл санап, ай санап, апта санап, күн санап, сағат санап шегелей беру керек» деген еді бір сұхба­тында.

Бізге тегеурінді іс керек. Та­лап керек. Тағат керек. Ма­қала­дан ойға түйген нәрсе көп.

Есті азаматтар елдіктің жо­лында елдің арбасын алға қарай бірге тартады деп есептеймін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!