Мен – тәуелсіздіктің құрдасы екенімді мақтан етемін. 29 жыл – жас мемлекеттің қарқынды дамуы үшін бұл аз уақыт. Сондықтан бағындырар жетістігіміз бен белесіміз әлі алда деп сенемін. Көпшілігіміз тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тұңғиық ойға бататынымыз анық. Өйткені бұл мерекенің астарында қаншама еңбек пен намыстың оты бар. Сол себепті бұл мерекенің саяси ұстанымынан гөрі, рухани тұрғыда әр адамның бойына күш-қуат берері сөзсіз. Дегенмен әлем елдері бұл мерекені әртүрлі атап өтетінін білесіз бе?

Мәселен, өзімізбен қатар тәуелсіздікке қол жеткізген әзірбайжандықтар бұл күнде «Тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні» деп атайды. Себебі бұл ел ХХ ғасырдың басында тәуелсіздігін жариялап, мұсылман әлемінде тұңғыш демократиялық ел атанған. Ал 1920 жылы КСРО-ның құрамына кіріп, егемендігінен айырылып, 1991 жылы Әзірбайжанда референдум өтіп, халық бірауыздан тәуелсіздікті қайта құрған. Ал бұл мерекені мүлде тойламайтын елдер де бар екен. Мысалы, Литва. Бұл елдің 45 пайызын орыстар құрайды. Олар керісінше мейрамды алаңдаумен өткізеді екен. Ал тәуелсіздік мерекесін ежелден  тойлайтын американдықтар түрлі жарыстар және шерулер, музыкалық қойылымдар ұйымдастырады. Шеруден тамаша көңілмен қайтқан отбасылар кешке саябақта кешкі ас ішуді әдетке айналдырған. Ал бізде ше? Сіз мерекені қалай атап өтесіз? Сіз үшін бұл күннің қандай маңызы бар? Бір сәт ойланып көрдіңіз бе?

Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!