Ақбота ЖАКЕНОВА – Ақтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі
«Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Өзімді Тәуелсіздіктің құрдасы болғаныма мақтанамын. Бұл біздің буынға үлкен құрмет. Мен Ақтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі болып қызмет етемін. Пандемия басталғалы ақ халаттылар алдыңғы шепте жүріп, көзге көрінбес індетпен күресуде. Дәрігер деген мамандықты игерудің өзі терең білімді, үлкен еңбекті, күш-жігерді талап етеді. Адам өмірімен күресте аянбай тер төгіп жүрген барша медицина саласының мамандарына бас иемін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!