Бүгін облыстық кітапханада жазушы-журналист Айжарық Сәдібекұлының 85 жылдығына орай «Тарихқа қалам тербеген» атты  еске алу кеші ұйымдастырылды.

Кешке зиялы қауым өкілдері, замандастары, кітапхана оқырмандары  қатысты. Шара барысында Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, ақын Қ.Есімсейітова, Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Әбілов, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Б.Ұзақбаев және А.Сәдібекұлының балалары жазушы жайлы көптеген естеліктер айтты. Шара соңында қаламгердің  «Теңіз тағдыры» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Сондай-ақ Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорынан А.Сәдібекұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

3.jpg
4.jpg
Kyzylorda-news.kz 6.jpg

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!