Күздің бірінші күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдайды.

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«1 қыркүйекте, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жолдайды. Жолдауда президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды»,-деді Уәли.

Берік Уәли атап өткендей, мұндай жолдаулар президенттің тәжірибесінде жыл сайын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!