Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықты ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда.

Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!» – деп жазды Берік Уәли.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!