Фото: Gemini

Туған жер – адам жүрегіне ең жақын, ерекше қымбат мекен. Оның әр тасында, әр талы мен топырағында талай естелік пен сағыныш жатыр. Адам қанша алыста жүрсе де, жүрегінде туған өлкенің жылуы сақталады. Себебі сол жерде алғашқы қадам басады, сол жерде алғашқы арман мен үміт бүр жарады. Менің жүрегіме арман мен үміт ұялатып, сенім мен сезім сыйлаған туған жерім – Шәкен ауылы.

Аудан орталығынан 110 шақырым жерде орналасқан бұл ауыл 2005 жылға дейін Арықбалық ауылдық округіне қарасты болып, сол жылы өз алдына округ болып тіркелді. Туған жерімнің «Шәкен» аталу себебі – XIX ғасырда Шәкен Сатыбалдыұлы есімді азамат өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан екен. Мен туған ауылдың географиялық орны малға жайлы болып, Шәкен атамыз сол жерден құдық қазып, мал жайлап, тұрақтапты. Содан бері Шәкен атамыз өз ағайынымен, азды-көпті малымен осы жерді мекендеп, айналасына адам жинап шағын ауылға айналдырған. Сол заманнан бастап ауылымыз Шәкен атаның атымен аталып, біртұтас ауыл болып келеді. Ауылымызда жаны жайсаң, жүрегі кең, қонақжай адамдар тұрады. Қайсы бірінің болмасын, отының басына бара қалсаң аңқылдаған ата мен ақ жау лықты әжені көріп бір марқайып қаласың. Ауылдан қазақылықтың иісі бұрқырап, дәстүр мен тәрбиенің ұштасқанын байқайсың. Мен дәл осы ауылда өсіп-өнгенім, осы ауылдан қанатымды кеңге жайғаным кеудеме мақ таныш орнатады. Себебі бұл өлкеден түлеген мықты тұлғалар мен азаматтар көп.

Мәселен, соғыс ардагері Әбжами Алмахов атамыз – осы топырақтан. Ол Арықбалық ауылында дүниеге келіп, соғыс басталар сәтте жеті жылдық мектепті тәмам  дады. Ойлана келе білі мін тереңдетуді ұйғарып, Қаза лыдағы техникумға құжат тапсырған. Сынақтан сүрінбей өтіп, білімін жалғас тырды. Сонымен 1942 жыл да жетті. Қақаған қаңтарда Әбжами соғысқа аттанып, атақты Сталинград қа ласын қорғауға қатысты. Ендігі жорық жолы Харковьқа ұласты. Бірнеше марапаттармен мадақталып, кеудесіне медаль тақты. 8 ай дан соң сұрапыл соғыстан жарақат алып, әскери сапқа жа рамсыз деп танылып, құтты қонысымен қауышты. Ел жағдайын көре келе, қарап жатпай еңбек етуді жөн көрді. Сүт фермасында жұмыс істеп, егін егумен де айналысты. Солай өмірлік жары Айниет анамызбен бірге ұл-қызына тәрбие беріп, немере-шөбере сүйді. Атамыздың көзі тірісінде мектеп оқушылары болып, батасын алдық. «Батаменен ер көгерер»  демекші, бүгінде түрлі жетістікке жетіп, сан белесті бағындырғанымыз ардагер атамыздың ақ батасының арқасында шығар…

Міне, осы сынды ауыл азаматтары мен аңқылдақ адамдары ауылды аңсап, жы рақта жүрген әр перзентінің көкейінде шаруасы шалқыған «Шәкен» болып қала бермек. Алыстап кетсем асығатын, жырақта жүрсем жабығатын, басымды сүйеп, сауығатын менің де кіндік қаным тамған жердің барына үнемі шүкір етемін.

Ойымды мына бір сүбелі сөзбен қорытындылағым келеді:

 «Ауылдан адам көшкенмен, Адамнан ауыл көшпейді »…

Ақбота ҚОЛҒАНАТ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!