Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романында қазақ әйелдерінің образы ерекше сипатталады. Ең алдымен автордың өзіне тоқтала кетсек. Ғабит Мүсірепов – қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Оның көптеген шығармалары бәрімізге таныс, дегенмен соның ішіндегі «Ұлпан» романы айрықша рөл ойнап, оқыған әрбір жанды тебірентері анық.
Не себепті автор бұл романда қазақ әйелдерінің образын ерекше сипаттаған деп ойлайсыз? Иә, автор романдағы әйелдер образы арқылы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, ұлттық ерекшеліктерін һәм әйелдердің сол қоғамдағы орны мен мәртебесін ашып көрсетуді мақсат тұтты. Романдағы басты кейіпкер – Ұлпан. Бұл кейіпкер арқылы жазушы қазақ әйелдерінің жарқын әрі үлгі тұтар бейнесін көрсетті.
Ұлпан тек өзін ғана емес, айналасындағы адамдардың қамын ойлайтын, қарапайым халықтың мұң мұқтажына құлақ асатын өте жанашыр ана ретінде сипатталады. Қазақ әйелдерінің рөліне тоқталатын болсақ, олар қиын өмір сүргеніне қарамастан, өз отбасының тірегі бола білді. Ұлпанның бейнесі әйелдердің шыдамдылығы мен сабырлығын айшықтайды.
Қорытындылай келе, бұл роман қазақ әйелдерінің қоғамда әрі отбасында ерекше орын иеленетінін көрсетуге бағытталған. Ғабит Мүсірепов роман арқылы әйелдердің ішкі мұңын, батылдығын халық көкейіне жеткізе білді.
Мерей ҚАЛАБАЙ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!