Адырна. Бүгін Алаш партиясының жетекшісі, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туған күні. 

Ол 1866 жылы 5 наурызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Әлихан Бөкейханов – Алаш қозғалысының жетекшісі, ғалым, публицист. Ол қазақ халқының саяси, әлеуметтік, мәдени дамуына зор үлес қосқан тарихи тұлға.

1905 жылдан бастап ұлттық мүддені қорғау жолында күрес жүргізіп, 1917 жылы құрылған Алаш Орда үкіметінің төрағасы болды.

Мемлекеттік Дума депутаты ретінде қазақ халқының құқықтарын қорғауға атсалысты. Ғылыми-ағартушылық салада да үлкен еңбек сіңіріп, қазақ тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті жөнінде зерттеулер жазды.

Әлихан Бөкейханов «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18-томының авторларының бірі болды.

1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын зерттеген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болып, жер мәселесіне қатысты маңызды деректер жинаған.

1911-1914 жылдары «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысқан.

«Қазақ» газетінің редакторы ретінде ұлттық сананы оятуға үлес қосты, Абай шығармаларын насихаттап, орыс әдебиетін аударды. Ол қазақ жерін отарлауға қарсы шығып, ұлттық-мәдени автономияны құруға ұмтылды.

Кеңес билігінің ұлт саясатына қарсы болғаны үшін 1937 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Кеңестік Республикалар Одағы Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы жалған айып тағып,  Әлихан Бөкейхановты 71 жасында елінен тыс жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!